Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА КӨШЕ БАСКЕТБОЛЫНАН САЙЫС ӨТТІ

 ҚЫЗЫЛОРДАДА КӨШЕ БАСКЕТБОЛЫНАН САЙЫС ӨТТІ

 

Қызылорда қаласы әкімдігінің, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен стритболдан қала әкімінің кубогы үшін жарыс өтті. 
Стритбол ағылшын тілінен аударғанда көше басткетболы деген мағына береді. Бұл сайыс түрі өткен ғасырдың 50-ші жылдарында АҚШ-та пайда болған. 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Қала күні мерекесіне орай бірінші мәрте өткізілген жарысқа 18 команда қатысып, үздіктер анықталды. Нәтижесінде ұлдар арасында Қызылорда қаласының «East» командасы жеңімпаз атанса, Қарағанды екінші, Қызылорданың «ҚазГерМұнай» командасы үшінші орындарды иеленді. 
Қыздар арасында Қарағанды облысының командасы 1-орынды, қалған орындарды Алматы қаласының мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті мен Қызылорданың «Мұрагер» командалары бөлісті. Жеңімпаз және жүлдегер командаларға диплом, кубок және ақшалай сертификаттар табысталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: