Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

«Қайсар» қайырымдылық шарасын өткізді

«Қайсар» қайырымдылық шарасын өткізді«Оқжетпеспен» болатын ойынның алдында «Қайсар» футбол клубының ойыншылары өзара ұйымдасып, Қызылордадағы №2 балаларды оңалту орталығына қаржылай көмек көрсетті.
Команданың атынан балалар үйіне Данил Цой мен Ян Вороговский барып, футболшылардың сәлемдемесін балаларға жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы «Қайсар» футбол клубы дәл осы балаларды оңалту орталығына барып, сенсорлық-психологиялық кабинетті толық жабдықтап берген болатын.
- Былтыр сіздер жасап берген бөлме балаларға жақсы болды. Толық емделіп кетпесе де, бұл жер балалардың осы әлеммен тілдесуіне көп көмектеседі. Енді сіздер бөлген бұл қаржыға сол болмені одан әрі жабдықтап, балалардың емделуіне қажетті құралдарды сатып алатын боламыз, - деді қуанышын жасыра алмаған балалар үйі директорының орынбасары Рүстем Әбенов.
Сондай-ақ, футболшылар балаларды Байқоңыр ғарыш айлағына барып, қандасымыз Айдын Айымбетовты ғарышқа бірге шығарып салуға шақырды. №2 Балаларды оңалту орталығының үш-төрт тәрбиеленушісі тәрбиешілерімен бірге «Қайсар» командасымен қосылып, қыркүйектің 2-сі күні Байқоңыр қаласына баратын болды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: