"Қайсардың" 24 жастағы қорғаушысы Матиц Марушко бүгін, 6 қаңтарда Түркияда басталған Оралдың "Ақжайық" командасының сынағына шақыру алды.
Бұл ойыншы былтыр "Қайсардың" сапында ойнаған еді. "Қайсардың" құрамында 26 кездесуде жасыл алаңға шықты. Сондай-ақ, дөрекілігі үшін 3 мәрте сары қағаз алды.
Өткен жылдың қараша айында оның Талдықорғанның "Жетісу" командасына ауысатыны жайында хабар тараған еді. Дегенмен, ол ені "Ақжайықтың" сынағынан өтуге бел буып отыр.