Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қазақстан құрамасының алдағы ойындарына билеттер сатылымға түсті

Қазақстан құрамасының алдағы ойындарына билеттер сатылымға түсті Қазақстан футбол федерациясы Алматының Орталық стадионында 12 және 16 маусым күні өтетін Қазақстан - Түркия, Қазақстан - Кабо-Верде матчтарының билеттері онлайн сатылымға түскенін хабарлайды.
Билеттер 30 мамырға дейін пакет арқылы ғана сатылады. Пакет екі матчтың билетінен тұрады. Шығыс трибунаның билеттерін жеңілдікпен алуға болады.
30 мамырдан бастап билеттер онлайн арқылы жекелей сатылады. 6 маусымнан бастап Қазақстан - Түркия  матчының билеттерін Орталық стадионның кассаларынан алуға болады.
Қазақстан – Кабо-Верде матчының билеттерін Орталық стадионның кассаларында 15 маусымнан бастап сатылады.
Бұл матчтардағы билеттердің бағасы 500-4000 теңге аралығында тұрады. Ал, VIP-ложа - 5000-7000 теңге.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: