Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Таңға жақын екі азаматша судан құтқарылды

 Таңға жақын екі азаматша судан құтқарылдыЖаз айларында Қызылорда облысының жастары жиі Сырдария жағалауында демалады. Алайда, көбісі қауіпсіздік шараларын сақтамайды, сол себептерден су айдынында төтенше жағдайлар орын алып жатады.
Өткен  тәулікте таңғы сағат 04.30-да ҚР ІІМ ТЖК "ОӨАЖҚЖ" ММ кезекшісіне «екі кыз баланың Сырдария өзенінің арғы бетінде көмек сұрағаны жөнінде» дабыл соғылды. 
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, дабыл түскен бойда құтқарушылар тобы аталмыш орынға моторлы қайықпен жүзіп барды. 1985 жылы және 1976 жылы өмірге келген азаматшалар белшеден суға батып тұрғанын анықтады. Қыздар құрбы жолдастарымен демалуға шыққан екен, сөздері жараспай үйлеріне қайтуға бел буып, өзеннен өтпекші болады, бірақ ойындағылары орындалмай күрделі жағдайға тап болады. 
Осылай құтқарушылардың кәсіби жедел жұмыстарының арқасында екі адамның өмірі құтқарылды. 
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: