Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Рио Фердинанд карьерасын аяқтады

Рио Фердинанд карьерасын аяқтады«Манчестер Юнайтед» клубының аңыз футболшысы Рио Фердинанд ойыншы ретінде карьерасын аяқтады, деп хабарлайды "Аламан".
Танымал 36 жасар ағылшындық қорғаушы Рио Фердинанд карьерасын аяқтау туралы БАҚ өкілдеріне мәлімдеді.
Айта кетейік, соңғы маусымда Рио Фердинанд премьер-лигада «КПР» клубының сапында доп тепті. Дегенмен клуб жоғарғы дивизиондағы орнын сақтай алмады. Рионың карьерасының негізгі бөлігі «Манчестер Юнайтед» сапында өтті. «Манчестер Юнайтедпен» бірге ішкі біріншіліктегі және халықаралық дәрежедегі жарыстардың бәрінде жеңіске жетті.
Одан бөлек Фердинанд «Вест Хэм», «Борнмут», «Лидс» және «КПР» клубарының намысын қорғаған.
Англия ұлттық құрамасының сапында 81 ойынға қатысты. Ұлттық құрамаға алғаш рет 1997-жылы шақырту алған.
Британиялық басылымдардың ақпаратына сүйенсек футболшы алдағы жылдары жаттықтырушылық қызметке орналасуы мүмкін.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: