Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Қайсар" басшылары жанкүйерлермен кездеседі

"Қайсар" басшылары жанкүйерлермен кездеседіҚарашаның 9-ы, яғни дүйсенбі күні кешкі сағат 18:00-де Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» кешенінің мәжіліс залында «Қайсар» футбол клубының маусымды қорытындылауға байланысты баспасөз мәслихаты мен жанкүйерлермен кездесуі өтеді.
Кездесуге Облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев, «Қайсар» футбол клубының директоры Нұржан Жалғасбаев, «Қайсар» футбол клубының бас бапкері Федор Щербаченко және команданың капитаны Мартин Кляйн қатысады.
Баспасөз мәслихатының ережесі бойынша алдымен сөз кезегі спикерлерге беріліп, артынша журналистер мен жанкүйерлер өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарды спикерлерге қоя алады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: