Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ЭЛИЗАБЕТ ОЛИМПИАДАДА ЕКІНШІ ОРЫНДА КЕЛЕДІ

ЭЛИЗАБЕТ ОЛИМПИАДАДА ЕКІНШІ ОРЫНДА КЕЛЕДІНорвегия Лиллехаммер қаласында 2016 жылдың 12-21 ақпан аралығында жасөспірімдер арасында ІІІ қысқы Олимпиада өтіп жатыр. Айтулы сында біздің еліміздің намысын мәнерлеп сырғанаудан қызылордалық Элизабет Тұрсынбаева қорғайды. Бұл жайында Seykhuninfo.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 
Мұндай дүбірлі додаға ол алғаш рет қатысып отыр. Соған қарамастан жарыста Элизабет өзін жақсы қырынан танытып келеді. Ол қысқа бағдарлама бойынша 59,11 ұпай жинап, жалпы есепте екінші орында тұр. Енді ол бүгін, 16 ақпанда Астана уақытымен 20.00-де мұз айдында өз өнерін көрсететін болады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: