Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ШАЛҒЫНБАЕВ ТУРНИРІНДЕ «ОЛИМП -ВЕРСАЛЬ» ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

ШАЛҒЫНБАЕВ ТУРНИРІНДЕ  «ОЛИМП -ВЕРСАЛЬ» ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ12-13 наурыз күндері Қызылорда қаласында жауынгер-интернационалист Батыржан Шалғынбаевты еске алуға арналған футзалдан республикалық  турнир өткізілді. 
Биыл 20-шы мәрте ұйымдастырылған турнирге  Байқоңыр қаласы, Алматы, Атырау, Маңғыстау, Жамбыл,  Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан  28 команда 400-ден аса спортшы  қатысып, үздіктер анықталды.  
Екі күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша «Олимп -Версаль» командасы бірінші орынды иеленді. Оларға бас бәйгеге тігілген жеңіл автокөлік табыс етілді. Олар финалда оңтүстікқазақстандық «JTI Қазақстан» командасын ұтты. Ойынның негізгі уақыты тең аяқталғандықтан жеңімпаз тек айып добын орындау барысында анықталып, есеп 4:2 болды. «JTI Қазақстан»  500 мың теңге алды. Үшінші  орынды қызылордалық «Азамат» командасы, төртінші орынды алматылық «Энергоколледж» командалары иеленді. 
Жарыста «Үздік қорғаушы» номинациясымен Нұрлан Дайрабаев («Азамат» командасы), «Үздік қақпашы» -  Ғалым Қосмұхаметов («Олимп-Версаль» командасы), «Үздік шабуылшы» - Андрей Шлема («JTI Қазақстан» командасы), «Мерген ойыншы» - Әсет Меңліқожа («Олимп-Версаль» командасы), «Үздік ойыншы» - Дәурен Тұрсағұлов («Энергоколледж» командасы)   марапатталды. 
Турнирде  2-ші орынға 300 мың теңге, 3-ші орынға 200 мың теңге,      4-ші орынға 100 мың теңге, бағалы сыйлықтар,медальдар және алғыс хаттар берілді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: