Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"ҚАЙСАРДЫҢ" БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

"Қайсар" футбол клубы мен облыстық футбол федерациясының баспасөз хатшысы қызметіне Шыңғыс Уәлиханов келді деп хабарлайды Сейхун-инфо.  Бұл жайында "Қайсар" жанкүйерлерінің  "В Контакте" желісіндегі парақшасында хабарланды.
Шыңғыс Қызылорда облысында дүниеге келген. Облыстық әкімдікте, Ақтөбе, Байқоңыр қалаларында қызмет атқарған. Облыстық "Қазақстан-Қызылорда" телеарнасында журналист болды. Ал "Қайсардың" бұрынғы баспасөз хатшысы Әзиз Жұмаділ енді Астана қалалық футбол федерациясында қызмет атқарады.  
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: