УЕФА-ның бiлiм беру бағдарламасының аясында қарашаның 6-сы мен 7-сi күндерi ұлттық футбол қауымдастықтары үшiн "Digital Media Strategy" семинары өтедi.
УЕФА және Digital marketing саласы бойынша спорттық құрылымдар арасында ақыл-кеңес берумен айналысатын "Seven Legaue" консалтингтік компаниясының өкілдері сандық коммуникациялар каналын дамыту тақырыбында оқу курстарын өткізбек. Елімізде аталмыш саланы дамыту мақсатында семинарға Қазақстан футбол клубының өкілдері де шақыртылып отыр.