Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Бауыржан Исламхан: Түркияны жеңуге тырысамыз

Бауыржан Исламхан: Түркияны жеңуге тырысамызЕртең, 16 қарашадан 17 қарашаға түні сағат 01.45-те Стамбул қаласында Түркия мен Қазақстан құрамалары арасындағы кездесу өтеді. Бұл матч футболдан 2016 жылғы Еуропа біріншілігіне іріктеу кезеңінің кезекті ойыны болып табылады.
Аталмыш ойын жайында Қазақстан құрамасының қақпашысы Александр Мокин мен жартылай қорғаушы Бауыржан Исламхан өз пікірлерін білдірді. 
А.Мокин 1981 жылы 19 маусымда Шымкент қаласында дүниеге келген. Үлкен футболдағы алғақшы ойынын Шымкенттің "Жігер" командасы сапында бастаған. Одан кейін сол қаланың "Достық" (2000-2001), "Жеңіс"/"Астана" (2002-2008), "Ордабасы" (2009-2010), "Шахтер" (2011 жылдан бастап) командаларында ойнады. Ұлттық құрама сапындағы тұсаукесер матчын 2005 жылы Жапония құрамасына қарсы өткізген. 
Бауыржан Исламхан 1993 жылдың 23 ақпапында Тараз қаласында дүниеге келген. Алғашқы ойынын "Тараз" командасында 2011 жылы өткізіп, онда 2013 жылға дейін ойын көрсетті. 2013-2014 жылдарда Ресейдің "Кубань" командасымен келісім-шарт жасасқанымен, 2013 жылы "Астана" оны жалға алды. Үстіміздегі жылдан бастап "Қайрат" командасында ойнап келеді. 2014 жылдың 9 тамызында Латвияға қарсы ойында ұлттық құрама сапындағы ойынын өткізді. Бұл біздің құраманың Еуро-2016 іріктеу кезеңіндегі бірінші ойыны болатын. 
Сонымен, екі ойыншымыз алдағы ойын жайында не дейді? 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: