Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Төрт ойыншы алаңнан қуылды

Төрт ойыншы алаңнан қуылдыҚызылорданың «Байқоңыр» футбол командасы түзде Алматының ЦСКА командасынан 0:3 есебімен ұтылып қалды.
ЦСКА — «Байқоңыр» 3:0 (2:0)
Голдар: Изатов, 34. Изатов, 45+1. Чулагов 54-пен.
Қызыл қағаздар: Изатов 58, Шабденов 75 — Рүстемов 58, Көшеков 88.
Бас төреші: Деньгин (Қарағанды)
01.08.2015. Алматы. ЦСКА ОЖО. 500 көрермен.
Өте дөрекі мәнерде өткен ойында төрт футболшы алаңнан қуылды. Оның екеуі қызылордалықтар сапынан. Ерболат Рүстемов қарсыласымен келіспей қалғаны үшін алаңнан аластатылса, 88-минутта Сүйіндік Көшековтің екінші ескертуі қызыл қағазға айналды. Ал голдардың екеуін «Байқоңыр» қақпасына бірінші таймда жіберіп алса, екінші таймда тағы бір мәрте опық жедік.
Енді жерлестеріміз келесі ойынын 15 тамыз күні Қызылорданың «Локомотив» стадионында Петропавлдың «Ақжайық» командасына қарсы өткізеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: