Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Әлем кубогында қызылордалық спортшылар жүлдегер атанды

Үндістанның Нью-Дели қаласында стенд атудан өтіп жатқан Әлем кубогі кезеңінде жерлестеріміз  Қазақстан құрама командасы сапында табысты ойын көрсетті.
Әйелдер арасында командалық trap жаттығуынан  Айжан Досмағамбетова күміс жүлдеге ие болды. Ол осы жүлдесі арқылы стенд атудан "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері" атағына қол жеткізді. 
Ал ерлер арасында Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Максим Коломоец қола жүлдені еншіледі.
Спортшылар енді мамыр айында Италияның Лонато қаласындағы халықаралық турнирдің келесі кезеңінде бақ сынайды. 
Оған дейін сәуір айының соңында Шымкент қаласында өтетін оқу-жаттығу жиындарына қатысады. Әлем кубогі 30 наурызда аяқталады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: