Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

«Қайсар» - «Шахтер» кездесуіне шақырады

«Қайсар» - «Шахтер» кездесуіне шақырадыҚызылорданың «Қайсар» футбол клубы мамырдың 29-ы күні өтетін «Қайсар» - «Шахтер» кездесуіне шақырады. Ойын Ғани Мұратбаев атындағы Орталық стадионда сағат 18:30-да басталады.
Естеріңізге сала кетейік, Дмитрий Огай шәкірттері биыл қарағандылықтармен бір рет кездесіп үлгерген. Ел чемпионатының 4-туры аясындағы Теміртауда өткен кездесуде жерлестеріміз 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Сол жетістікті қайталай аламыз ба? Стадионға келіңіздер, бірге көз жеткізелік.
Ал 28 мамыр күні «Локомотив» стадионында аталмыш командалардың қосалқы құрамдары алаңға шығады. Матч сағат 18:00-де басталады. Жалпы, жастарымыз «Шахтер» дублімен болған биылғы кездесуде 0:7 есебімен ойсырай жеңілген болатын. Стадионға келіңіздер, қарымта қайтару үшін жастарға сіздердің қолдауларыңыз қажет.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: