Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қуат Хамитов сотта соңғы сөзін айтты

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов сотта соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Құрметті сот, мен үшін ең маңызды мәселе шетелге шығуға мүмкіндігімнің болуы. Себебі мен елімнің намысын қорғап жүрмін. Жазам қандай болса да, көнемін. Тек шетелге шыға алсам болды. Менің алға қойған мақсатым көп»,- деді ол. 
Сот үкімі бүгін 14:30 де болады. 
Қуат Хамитов ҚР ҚК 272 бабының 3-бөлімі бойынша (билік өкіліне бағынбауға шақыру, жаппай құқықбұзушылыққа тарту, арандату, азаматтарға күш қолдануға шақыру) қозғалған іс Алмалы аудандық сотында қаралып жатыр. Айта кету керек, былтыр қыркүйекте қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат «Найман» Хамитов Алматы полиция департаментіне жеткізілген болатын. 
Ол әлеуметтік желіде билікке қарсы күш қолдануға шақырған. Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 272-бабы 3-бөлімімен іс қозғалды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: