Қызылорданың "Қайсары" футболдан ел біріншілігінің 7 турында өз алаңында "Тараз" командасына 1:3 есебімен жол берді.
Жерлестеріміз былтырғы және биылғы доп додасын қоса есептегенде 6 ойын бойы өз алаңында ешкімге жеңілген жоқ болатын. Сондай-ақ, 6 тур бойы өз қақпасына небәрі 2 доп қана жіберген "Қайрат" небәрі 1 ойында өз қақпасынан осылайша 3 доп алып шығуға мәжбүр болды.
Аталмыш ойында "Тараз" сапынан Йоан Мера 24 минөтте есеп ашса, Александр Пищур 31 және 57 минөттерде қос голдың авторы атанды. Оған біздің командадан Алексей Мулдаров 69 минөтте небәрі бір ғана доппен жауап қайырды.
Бүгінгі күнге дейін екі команда 39 мәрте кездескен. Оның 18-де тараздықтар жеңіске жетсе, 17-де қызылордалық футболшылар үш ұпай олжалады. Ал 3 ойында тең есеп тіркелді. "Қайсар" соңғы рет өз алаңында "Таразға" 2012 жылдың 25 мамырында 1:2 есебімен жеңілген еді.