Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордада шағын футболдан ардагерлер арасында республикалық турнир басталды

Бүгін "Евразия" спорт кешенінде футболдан шеберлер командасының ойыншысы Әбіл Қалымбетовты еске алуға арналған ардагерлер арасында республикалық турнирдің  ашылу салтанаты болып өтті.
Турнирде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы А.Жаманқұл алғы сөз сөйлеп, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, жұбайы Дана Сейтмағанбетқызы Әбіл Қалымбетов туралы естеліктер айтып, дәстүрлі түрде өткізіліп келетін турнирге атсалысқан барша жанға алғысын білдірді. 
Биыл тоғызыншы мәрте ұйымдастырылған жарыс Әбіл Қалымбетовты еске алып,  ұлықтау болса, екінші жағынан бұқаралық спортты дамытудың ерекше тәсілі іспетті. 
Қазақстанның даңқты футболшыларының бірі, өзінің саналы ғұмырында ойыншы ретінде 20 маусымда өнер көрсетіп, 13 жылын осы салада басшылық қызметтерін атқаруға жұмсаған Әбіл Арынұлы футболшылық мансабын бір ғана командаға – «Қайсарға» арнады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: