«Астананың» Түркиядағы оқу-жаттығу жиында Қазақстанның жастар құрамасының қақпашысы Михаил Голубничий команданың сынағынан өтуде.
19-жасар қақпашы павлодарлық футбол мектебінің тәрбиеленушісі болып табылады. Еңбек жолын туған клубының қосымша құрамынан бастап, соңғы маусымды елордалық «Байтеректің» құрамында 1 лигада өткізді. Қазақстанның 1 лигасында 24 ойын ойнады.
Голубничийдің есебінде 17 және 19 жасқа дейінгі Қазақстанның жасөспірімдер құрамаларының құрамындағы матчтар бар. Біздің мемлекетіміздің жастар құрамасының құрамына да шақырылды.