Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қазақстан Молдавиямен тең түсті (ВИДЕО)

Қазақстан Молдавиямен тең түсті (ВИДЕО) Футболдан Қазақстан құрамасы 18 ақпанда Түркия жерінде Молдовамен жолдастық кездесу өткізді. Бұл ойында 1:1 есебі тіркелді. Алғаш болып  48 минөтте біздің футболшылар есеп ашты. Доп авторы Алексей Щеткин. Ал 54 минөтте молдовалық Александр Гацкан таразы басын теңестірді. 
Қазақстан — Молдова 1:1 (0:0) 
Голдар: Щеткин 48 (1:0), Гацкан 54 (1:1)
Ескерту алғандар: Қожамберді — Жардан, Кептине
Қазақстан: Эрич, Алиев, Воротников, Логвиненко, Абдулин, Сүйімбаев, Смақов, Дарабаев, Нұрғалиев, Қонысбаев, Щеткин
Ойыншыларды алмастырғандар: Малый, Исламхан, Богданов, Шомко, Қожамберді
Молдова: Чебану, Раку, Посмак, Головатенко, Жардан, Ерхан, Онике, Гацкан, Пикущак, Чептине, Сидоренко
Ойыншыларды алмастырғандар: Титов, Кожокарь, Патраш
Бас төреші: Алексей Николаев (Ресей)
18 ақпан. Анталья (Түркия). «Мардан».
Қазақстан құрамасы Молдовамен осымен 4-ші мәрте кездесіп отыр. Бұдан бұрынғы ойындарда екі команданың бірі басымдық танытып отырған (06.02.2008 Молдавия – Қазақстан 1:0, 03.03.10. Молдавия – Қазақстан 1:0, 06.02.2013. Қазақстан – Молдавия 3:1).
 
  

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: