Жалағашта Руслан Әбдіразақовқа 500 мың теңге берілді
Жалағаш аудан әкімі Т.Дүйсебаев «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің күміс жүлдегері Руслан Әбдіразақовты қабылдады, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында аудан әкімі «Қазақстан барысының» күміс жүлдегеріне сыйақы ретінде 500 мың теңге сертификатын табыстады.
Айта кету керек, 4 шілде күні «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің күміс жүлдесі Сыр балуаны Руслан Әбдіразақовқа бұйырды. Русланға 20 мың АҚШ доллары, ал бапкеріне 10 АҚШ доллары табыс етілген болатын.