Ресейдің Хабароск қаласында өтіп жатқан бендиден (допты хоккей) әлем чемпионатында А тобындағы Қазақстан құрамасы Финляндиямен 3:3 есебімен тең түсті.
Ойынның алғашқы кезеңі аса тартысты өтті. Екі құрама да мықтыны анықтай алмады. 13 минөтте Анатолий Голубков пенальтиді өз мақсатына пайдалана алған жоқ. Финн бендишілерінің шабуылы да қазақстандық қақпашысы Андрей Рейнднің мазасын ала алмады. Алғашқы голды фин жігіті Томми Хоус ашты. Ал 42 минөтте Денис Слаутин қарсылас құраманың қақпашысы мен қорғаушысының түсінбестігін өз пайдасына айналдырдып, таразы басын теңестірді. Ойынның соңына таман Микко Луккарила доп соғып, Финляндия бірінші кезеңде 2:1 есебімен басым болды.
Келесі кезең бастала салысымен Қазақстан құрамасы сапынан Рауан Есқалиев пен Леонид Бедарев мергендік танытты. Осылайша біздің бендишілер 3:2 есебімен алға шықты. Кездесу аяқталар сәтте Финляндия құрамасы есепті теңестірді. Ойын соңындағы 12 метр айып добын соғуда біздің жіігттер мүлт жібермей. есепті 4:3 етті.
Бүгінгі күндері өткен өзге ойын нәтижелері төмендегіше: В тобы.Латвия – Норвегия 4:8, Беларусь – АҚШ 12:9, А тобы. Ресей – Швеция 1:1.
Қазақстан құрамасы ширек финалда Беларусьпен күш сынасады. 1 сәуірде болатын өзге ойындарда Финляндия мен Норвегия, Швеция мен Латвия, Ресей мен АҚШ шеберлік байқасады.