Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордада кикбоксингтен Қазақстан чемпионаты өткізіледі

Қызылордада кикбоксингтен Қазақстан чемпионаты өткізіледіҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қызылорда облысының  дене шынықтыру және спорт басқармасы мен облыстық кикбоксинг федерациясының ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың  28 – 31 мамыр аралығында «Евразия» спорт кешенінде жасөспірімдер арасында кикбоксингтен Қазақстан чемпионаты өтеді. 
Бұл дүбірлі бәсекеге Астана, Алматы қалалары мен барлық облыс орталықтарынан   400-ден аса  2001-2002 және 2003-2004 жылдары туылған ұлдар мен қыздар қатысады. 
Жарыс кикбоксингтің фулл-контакт жүйесі бойынша екі жас ерекшелігінде 32 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынады. Жарыстың басталуы 28 мамыр күні сағат 10.00-де,  салтанатты ашылуы 15.00-де болады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: