Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Руслан Балтиев әке атанды

Руслан Балтиев әке атандыБүгін, 7 мамырда «Қайсар» футбол клубының бас директоры Руслан Балтиев әке атанды. Отан қорғаушылар күнінде келіншегі шекесі торсықтай ұлды сыйлады. Қазір анасының да, баласының да жағдайлары өте жақсы.
Қуанышы қойнына сыймай отырған әке әзірге балаға есімнің қойылмағанын, екі-үш нұсқаның ішінен таңдайтынын айтты.
Руслан Балтиев 1978 жылы дүниеге келген. Қазақстандық Алматының "Қайрат" (1996-2001, 2011-2012), Қостанайдың "Тобыл" (2007-2009), Ресейдің Саратов қаласының "Сокол" (2001-2002), Мәскеудің "Динамо" (2002-2004) , "Москва" (2004-2006), Ярославльдің "Шинник" (2005-2006), Сочидің "Жемчужина" (2010-2011) командаларында ойнаған. 2014 жылдан "Қайсардың" бас директоры қызметін атқарып келеді.
Қазақстан ұлттық құрамасының құрамында өткізген ойыны мен соққан голы жөнінен көш басында тұр, ол 73 кездесуде 13 голдың авторы атанды.    
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: