Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ЖАЛАҒАШТА АЛЕКСАНДР ЗАЙЧИКОВ ЖАНКҮЙЕРЛЕРГЕ АЛҒЫС АЙТТЫ

ЖАЛАҒАШТА АЛЕКСАНДР ЗАЙЧИКОВ ЖАНКҮЙЕРЛЕРГЕ АЛҒЫС АЙТТЫ

 

2015 жылы АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатының жеңімпазы, 2016 жылы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткізілген халықаралық олимпиаданың қола жүлдегері Александр Сергеевич Зайчиков Жалағаш ауданында болды. 
Сыр өңірінің мақтанышына айналған спортшыны аудан әкімі Т.Дүйсебаев күтіп алды. Олимпиада жүлдегерімен кездесуге келген халықтан Қ.Қазантаев атындағы Мәдениет үйінің іші лық толды. Аудан басшысы Талғат Дүйсебаев өзге елде көк туымызды желбіреткен ауыратлет Александрды жеткен жеңісімен құттықтап, сый-сияпатын тапсырды.Сонымен қатар, Александрдың бапкеріне қошемет көрсетілді. Ал, өз кезегінде ел абыройын асқақтатқан жеңімпаз аудан халқына түн ұйқысын бөліп, жанкүйерлік еткені үшін шексіз алғысын білдірді. Жеңімпаз құрметіне аудан өнерпаздары әннен шашу шашты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: