Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Марина Вольнова ұл бала дүниеге алып келді

Марина Вольнова ұл бала дүниеге алып келдіЕлімізге білгілі боксшы Марина Вольнова бүгін ұл баланы дүниеге алып келді. Бұл жөнінде еліміздің бірқатар ақпарат құралдары хабарлады. 
Марина Ивановна Вольнова Қызылорда облысы, Қазалы қаласында 1989 жылы 26 шілдеде туған. Бокстан Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері, Лондонда өткен 2012 Жазғы Олимпиада ойындарының қола медаль иегері атанған. Бокстан Азияның (2010) чемпионы, әлем чемпионатының (2010) күміс медаль иегері, Қазақстан чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы болды. Марина Вольнова бокспен 6 жасынан айналысып келеді. Ол Астанада бокстан Қазақстанға еңбегі сіңген бапкер - Маржикпаев Берік Боромбаевичтің қол астында жаттығады. 
Біз бұдан бұрын Маринаның мамыр айында алғашқы перзентін дүниеге алып келетінін хабарлаған едік. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: