Марина Вольнова тұңғышын мамырда дүниеге алып келеді
2012 жылғы Лондон Олимпиадасында бокстан қыздар арасында қола жүлдегер атанған жерлесіміз Марина Вольнова қазір қайда жүр? Былғары қолғап шеберінің республикалық сайттардың біріне берген сұхбатында декреттік демалыста жүргенін айтады.
Өзіне отбасылық өмірдің ұнайтынын тілге тиек еткен. Оның құдай қосқан қосағы – әскери қызметкер. Екеуі "Тұран" университетінде заң факультетінде бірге оқыған. Сол жерде танысады. Ол кезде болашақ жары Маринаның атақты боксшы екенін білмеген екен. Естігенде таңғалысын жасырмаған көрінеді. Қазір Марина жүкті, мамыр айында тұңғыштарын күтіп отыр. Дәрігерлік алдын-ала зерттеу бойынша өмірге ұл бала келмек екен.