Ирландия астанасы – Дублин қаласында гір спортынан ересектер арасында әлем чемпионаты өтуде. Онда 52 мемлекеттің спортшылары бақ сынасуда.
Аталмыш дүбірлі бәсекеде жерлесіміз, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Нұрсұлтан Көлдеев 68 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді. Ол 32 келі гір тасын серпе көтеру жаттығуы бойынша 92 рет, ал жұлқа көтеруде 62 рет көтеріп, нәтижесінде 154 ұпай жинады. Жарыс 29 қарашаға дейін созылады. Сырдария спорт клубта тәлім алатын Нұрсұлтанның бапкері: Жасұлан Өмірбаев.