Қазақстанның намысын 9 спортшы қорғап, оның екі алтынын жерлестеріміз иеленді. Атап айтсақ, 40-45 жас аралығында сынға түскен сырдариялық Оразбек Медетбаев осымен он екінші мәрте Әлем чемпионы атанды. Ол жұлқа көтеруде 20 келі гір тасын 10 минутта 205 рет көтеріп, ел абыройын асқақтатты. 55-59 жас аралығында жалағаштык Өтеулі Елібаев осымен үшінші мәрте Әлем чемпионы атанып, жеңіс тұғырына көтерілді. Ол жұлқа көтеруде 14 келі гір тасын 5 минутта 117 рет көтерді. Сондай-ақ, Әлем чемпионатының аралас эстафета сайысында Қазақстан құрамасы екінші орынды еншіледі. Бірінші орында – Ресей, үшінші орында - Белоруссия.