Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ЖАЛАҒАШ БАЛУАНДАРЫ МЫҚТЫЛЫҒЫН КӨРСЕТТІ

ЖАЛАҒАШ БАЛУАНДАРЫ МЫҚТЫЛЫҒЫН КӨРСЕТТІҮстіміздегі жылдың 21-22 қараша күндері Жалағаш ауданында ауыл шаруашылығының көрнекті ұйымдастырушысы Мөрәлі Шәменовты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында дзюдодан республикалық турнир биыл 12-ші рет ұйымдастырылып отыр. 
Жарысқа еліміздің 9 облысынан және өз аймағымыздан, барлығы 25 команда, 300 -ге жуық спортшы қатысты. Жыл сайын өтетін бұл турнирдің мақсаты аудан жастарын спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Турнирді аудан әкімі Т.Дүйсебаев ашып, турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы С.Мұстафаев және турнир демеушілері атынан А.Шәменов спортшыларға құттықтау тілектерін білдірді.
Турнирдің қорытындысымен жалпы командалық есепте №13 Жалағаш ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі бірінші орынды иеленді. Екінші орында Алматы қаласының командасы еншілесе, Ж.Баһадүр атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты спортшылары үшінші орынды иеленді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: