Қызылордалық Шайзат Тоғатаев 75 жасқа келсе де сергектікті серік етіп келеді деп хабарлайды Сейхун-инфо. Әлі күнге дейін күніге жүгіріп, өзінің денсаулығын нығайтып келеді.
Ол кісі жүгірумен бала кезінен айналысып келеді. 1983 жылы Мәскеуде өткен халықаралық марафоншылар сайысы қатысқан. Ағамыз 70 жасында ұзақ қашықтыққа жүгіруден Қазақстан спартакиадасының чемпионы атанды. Қазірде стадионға арнайы келіп, дене шынықтыру жұмысымен айналысады.