Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ТӨРЕШІНІ АЛАҢ ҮСТІНДЕ АТЫП ТАСТАДЫ

ТӨРЕШІНІ АЛАҢ ҮСТІНДЕ АТЫП ТАСТАДЫАргентинаның Кордова қаласында өткен футбол ойынында 48 жастағы бас төрешісі Сезар Флорес өмірден өтті. Бұл оқиғаның орын алуына қос команданың бірінің футболшысының алаңнан қуылуы себеп болды. Бұл жөнінде Seykhuninfo.kz ақпарат агенттігі Logyka.net порталына сілтеме жасап хабарлайды. 
Алаңнан қуылған ойыншы бекерден бекер кетуді жөн санамапты. Шамалы уақыттан кейін қолына қару алып, алаңға қайта оралған. Бас төрешінің басынан, кеудесінен оқ жаудырған. Осылайша төреші Сесар Санчес дөрекілік көрсеткен футболшыны алаңнан қуып, соның кесірінен өз өмірін қиюға мәжбүр болды. 
"Барлығы ойын барысында орын алды. Ойыншы мен төреші арасында қандай кикілжің орын алғанын білмейміз. Бірақ, футболшы өте ашулы күйде болды" дейді полиция өкілі. 
Сол оқиғадан кейін 25 жастағы бұзақы стадионнан белгісіз бағытқа тез арада ғайып болған. Ол жерде футболшы Вальтер Сарате де жарақат алған. Алайда, қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Күдіктіні полиция іздестіріп жатыр. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: