Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ФИФА СЕРЖ ОРЬЕНІҢ ГОЛ СОҚҚАННАН КЕЙІНГІ ДАУЛЫ ӘРЕКЕТІН ЗЕРТТЕМЕК (ВИДЕО)

ФИФА СЕРЖ ОРЬЕНІҢ ГОЛ СОҚҚАННАН КЕЙІНГІ ДАУЛЫ ӘРЕКЕТІН ЗЕРТТЕМЕК (ВИДЕО)

 

ФИФА Кот-д’Ивуар мен Франция құрамасының қорғаушысы Серж Орьеге қатысты зерттеу ісін бастады. 
Ол 2018 жылғы әлем біріншілігіне іріктеу кезеңінде өз құрамасының Малиға қарсы ойынына қатысты. Сол кездесуде әдептілікке жат әрекет көрсетті. Ойынның 31-минуты еді. Есеп 1:1. ПСЖ қорғаушысы оң қанаттан қақпа маңына әуелете доп асырды. Ол малилік Кулибалидің өз қақпасына гол соғуына алып келді. Соның нәтижесінде есеп 2:1 есебімен Кот-д’Ивуар құрамасының пайдасына жазылды. Содан кейін Орьенің әрекеті таңғалдырды. Ол оң қолын өңешінің тұсына апарып, кескендей кейіп көрсетті. 
Осыған байланысты ФИФА Кот-д’Ивуар құрамасы мен ПСЖ командасының ойыншысы қарсы зерттеу шараларын бастады. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: