Республикалық ақпарат құралдарынан белгілі болғанындай, "Қайсар" командасының 30 жастағы қақпашысы Евгений Ширяев командамен қой айтысты.
Футболшы "Қайсар" құрамына биылғы жылдың басында қосылды. Сондай-ақ, ол Қазақстан азаматтығын алды. Биылғы маусымда Қазақстан кубогы ойындарында 2 мәрте жасыл алаңға шығып, өз қақпасынан 3 доп алып шығуға мәжбүр болды.
Е.Ширяев өзінің футболшылық өмірін "Днепр-3" және "Тирас-2005" командаларында бастаған. Одан кейінгі жылдарда "Черноморец" (Одесса), "Десна" (Чернигов) командаларында өткізді. Өткен жылы Кироврград қаласының "Звезда" командасының намысын қорғады. Украинаның жастар құрамасында 15 ойын өткізді.