Facebook VK WhatsApp Instagram

Спорт

0

Он төрт қарсыласын жеңген қазақ боксшысы алғаш рет нокаутпен ұтылды – видео


Қазақстандық боксшы Бақтияр Эюбов (14-1-1, 12 КО) қатарынан екінші рет жеңілді, деп хабарлайды Sports.kz. Бұған дейін ол АҚШ боксшысынан ұпай санымен ұтылған болатын.
Атлантик-Сити қаласында (АҚШ) 33 жастағы қазақстандық бірде-бір рет жеңілмеген америкалық Джарон Энниспен (24-0, 22 КО) жұдырықтасты. Жартылай орта салмақтағы он раундтық жекпе-жекте Эннис техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бар-жоғы төрт раундқа созылған кездесуде қазақстандық екі рет нокдаунға түсті. Бұл жекпе-жектің үзіндісін төменде көруге болады.
Эюбовтың бұл кәсіпқой рингтегі екінші жеңілісі: алдыңғы жекпе-жекте ол тағы бір америкалық Брайан Себальоға (11-0, 6 КО) төрешілер шешімімен есе жіберген болатын.
Ал Эннис 23-рет нокаутпен ұтты. Ол 25 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.



sputniknews.kz
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: