Ақмалхан Холматов төрешілікті дамыту маманы қызметіне тағайындалды
Ақмалхан Холматов Төрелік ету және қадағалау департаментінің орынбасары қызметінен босатылып, төрешілікті дамыту маманы қызметіне тағайындалды.
Қазақстан футбол федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақмалхан Холматовтың міндетіне «Дарындылар мен ұстаздар» бағдарламасының қызметі кіреді. Ол Қазақстандағы жас төрешілерді дамыту, сонымен қатар аймақтарда төрешілер мектебінің жұмысын бақылауға жауапты болады. Сол себепті Қызылорда қаласында жұмыс істейді.
Айта кету керек, Төрелік ету және қадағалау департаментінің директоры Маттео Трефолони жас төрешілердің дамуына әрқашан көңіл бөледі. Қазақстан Премьер-лигасына жас төрешілердің тартылуы соның бір дәлелі.