Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Түркия - Қазақстан ойыны «Али Сами Йен» стадионында өтеді (ВИДЕО)

Түркия - Қазақстан ойыны «Али Сами Йен» стадионында өтеді (ВИДЕО)
Қазақстан ұлттық құрамасының биылдыққа соңғы ойыны Стамбулдың «Али Сами Йен» стадионында өтеді, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясы.
2014 жылы Қазақстан құрамасы 7 матч өткізді. Сегізіншісін және биылдыққа соңғысын 16 қарашада Түркия құрамасына қарсы өткізеді. Ойын «Али Сами Йен» стадионында Астана уақытымен сағат 01:45-те басталады.
Жалпы, Қазақстан мен Түркия құрамалары өзара төрт рет кездескен. Төртеуінде де "ақ-қызылдар" жеңіске жеткен болатын.
«Али Сами Йен Спор Комплексы» (Тюрк Телеком Арена) стадионы.
Заманауи және алып арена. "Галатасарай" футбол клубының стадионы болып табылатын аталмыш арена бүгінде  «Turk Telekom Arena» деп аталады. Сиымдылығы -  52 652 көрермен. Алғашқы ойынын Түркия ұлттық құрамасы "Али Сами Йенде" 2011 жылдың 2 қыркүйегінде өткізді. Иә, иә, Түркия құрамасына сол ойында Қазақстан құрамасы қарсылас атанған.
«Тюрк Телеком Арена» стадионына көптеген қоғамдық көліктердің маршруты барады. Сондай-ақ, аталмыш стадионның ашылуына орай арнайы «Сейрантепе» метро бекеті ашылған болатын.
Метро бекетінен станцияға дейін арнайы жол салынып, оны «Aslanlı Yol» деп атады. Бұл жол стадионға ағылған адамдар тобының кептелісін болдырмауға мүмкіндік береді.
Аренаның алдына 4 қабатты автотұрақ салынған. Бұл тұрақта 3 025 көлікке арналған жабық кешен, 200 көлікке арналған ашық кешен бар. Бұлардың қатарына, аренаның батыс жағында орналасқан 28 автобусқа арналған арнайы тұрақты тағы қосыңыз. 
 
Қазақстан - Түркия құрамаларының текетіресі
 
2006 жылғы әлем чемпионатының іріктеу додасы.
 
2004 жыл. 9 қазан. Стамбул. «Шюкрю Сарачоглу» стадионы
Түркия – Қазақстан 4:0 (1:0)
Голдар: Гекдениз Карадениз 17, Нихат Кахведжи 51, Фатих Текке 90, Фатих Текке 90+2
ТҮРКИЯ: Рюштю, Толга Сейхан, Сервет Четин, Юмит Озат, Нихат Кахведжи (Хамит Алтынтоп 84), Фатих Текке, Гекдениз Карадениз (Тунджай Шанлы 69), Дениз, Серкан Балчи (Хасан Шаш 64), Хюсеин, Неджати
ҚАЗАҚСТАН: Новиков (Морев 52), Ляпкин, Авдеев, Смақов (Козюлин 59), Дубинский, Фамильцев, Чичулин (Балтиев 33), Карпович, Низовцев, Ырысметов, Бөлешев
Бас төреші: Владимир Хринак (Словакия)
 
2005 жыл. 8 маусым. Алматы. Орталық стадион
Қазақстан – Түркия 0:6 (0:3)
Голдар: Фатих Текке 13, Ибрахим Тораман 15, Тунджай Шанлы 41, Фатих Текке 85, Халил Алтынтоп 88, Хасан Шаш 90
Ескертулер: Авдеев, Балтиев - Юмит Озат, Тунчай Шанли
ҚАЗАҚСТАН: Новиков, Ляпкин, Авдеев, Фамильцев (Смақов 59), Дубинский, Байжанов (Чичулин 46), Карпович, Балтиев (к), Низовцев, Родионов (Литвиненко 66), Крохмаль
ТҮРКИЯ: Омер Чаткич, Толга Сейхан, Эмре Белезоглу (Серкан Балчи 66), Юмит Озат (к), Фатих Текке, Хамит Алтынтоп, Хюсейин Чимшир, Гекдениз Карадениз (Акин Серхат 86), Тунджай Шанли, Неджати Атеш (Халил Алтынтоп 46), Ибрахим Тораман
Бас төреші: Виктор Кассаи (Венгрия)
 
"Еуро-2012" іріктеу додасы
 
2010 жыл. 3 қыркүйек. Астана. «Астана Арена» стадионы
Қазақстан – Түркия 0:3 (0:2)
Голдар: Арда Туран 24, Хамит Алтынтоп 26, Нихат Кахведжи 76
Ескертулер: Карпович 58, Жумаскалиев 62
ҚАЗАҚСТАН: Сидельников, Киров, Абдулин, Кислицын (Рожков 85), Карпович (к) (Родионов 64), Остапенко (Мальцев 72), Жұмасқалиев, Нұрғалиев, Шмидтгаль, Попов, М.Азовский
ТҮРКИЯ: Омер Кыврак, Сервет Четин, Хакан Балта (к), Эмре Белезоглу, Хамит Алтынтоп, Нихат Кахведжи (Селчук Инан 82), Шанлы (Халил Алтынтоп 80), Туран, Аурелиу (Казым 89), Эрдоган, Сабри Сарыоглу
Бас төреші: Иштван Вад (Венгрия)
 

 
2011 жыл. 2 қыркүйек. Стамбул. «Тюрк Телеком Арена»
Түркия – Қазақстан 2:1 (1:0)
Голдар: Бурак Йылмаз 31 (1:0), Қонысбаев 55 (1:1), Арда Туран 90+6 (2:1)
Соғылмаған пенальти: Бурак Йылмаз 62 (баған)
Ескертулер: Сабри Сарыоглу 29, Арда Туран 79 - Логвиненко 76, Мокин 90+1, Нөсербаев 90+6
Қызыл қағаз: Сельчук Инан 90+2
ТҮРКИЯ: Волкан Демирель, Хакан Балта, Сердар Кесималь, Эмре Белезоглу (к) (Гёкхан Тёре 60), Сельчук Инан, Мехмет Экиджи (Сельчук Шахин 51), Арда Туран, Эгемен Коркмаз, Бурак Йилмаз, Казим Казим (Умут Булут 82), Сабри Сарыоглу
ҚАЗАҚСТАН: Мокин, Киров, Логвиненко, Мұхтаров, Гурман, Нұрдәулетов (к), Шахметов (Байжанов 82), Шмидтгаль, Қонысбаев (Нөсербаев 86), Хайруллин (Остапенко 67), Гридин
Бас төреші: Клеман Тюрпен (Франция)
 

 
Қазақстан - Түркия: UEFA.com статистикасы.
• Қазақстан құрамасы Түркиядан төрт ойында да жеңіліп, қақпасына барлығы 15 гол жіберіп алған. Осы ойындарда түріктер барлық таймда біздің құраманың қақпасына гол соққан. 
• Өткен Еуро іріктеу додасында командалар алдымен Астанада кездесіп, 0:3 есебімен жеңіліп қалғанбыз. Одан кейін Стамбулда алаң иелерінен 1:2 есебімен жеңіліп қалдық.
• Жастар және жасөспірімдер құрамалары деңгейінде Қазақстан құрамасы бір кездесуден басқасының барлығында жеңіліс тапқан. 2005 жылдың маусымында құрлықтық біріншіліктің іріктеу додасы аясында командалар Алматы қаласында кездесіп, жерлестеріміз 2:1 есебімен жеңіске жетті. 
• Клубтық деңгейде 2009 жылы Чемпиондар лигасының іріктеу додасы аясында "Галатасарай" мен "Тобыл" кездесіп, Стамбулда алаң иелері 2:0 есебімен жеңіске жетсе, Қостанайдағы ойын 1:1 есебімен тең аяқталған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: