Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Тәйімбет Көмекбаев атындағы халықаралық мемориал басталады

Тәйімбет Көмекбаев  атындағы халықаралық мемориал басталадыҮстіміздегі жылдың 8 - 9 мамыр  күндері  Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған Кеңес Одағының Батыры Тәйімбет Көмекбаев атындағы самбодан халықаралық мемориал басталады. 
Осымен 20 жыл қатарынан жалғасып келе жатқан дүбірлі бәсекеге  АҚШ, Армения, Ауғанстан, Әзірбайжан, Белоруссия, Болгария, Грузия, Германия, Греция, Жапония, Иран, Ирландия, Израиль, Камерун, Латвия, Литва, Моңғолия, Молдова, Непал, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Ресей, Сербия, Түркия, Тәжікстан, Ұлыбритания, Қырғызстан, Қазақстаннан 28 команда, 300-ге жуық самбошылар 9 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салады.  
Жарысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қызылорда облысының  дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қармақшы ауданының әкімдігі және Тәйімбет Көмекбаев атындағы қор ұйымдастыруда.   Турнир соңында қазақ күресінен «Түйе палуан» сайысы өткізіледі. Жүлде қоры 1-орынға  «Toyota Prado», 2-орынға «Toyota Camry», 3-орынға  «Toyota Corolla»  автокөліктері, 4-орынға 15 мың АҚШ  доллар.  Жарыстың басталуы: 8 мамыр күні сағат 10.00-де, салтанатты ашылуы сағат 15.00-де болады.  

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: