Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Қайсардың" қосалқы құрамында бапкерлер алмасты

«Қайсар» футбол клубының дубльдік командасында бапкерлер ауысты. Өткен маусымда команданы жаттықтырған Қайыржан Әбуовтың орнына Қанат Шерімбетов келді.
Айта кетейік, Қанат Райымханұлы бұған дейін «Қайсар» футбол клубының футбол орталығында 1998 жылғы жасөспірімдерді жаттықтырған болатын. Әртүрлі турнирлерде шәкірттері жоғары нәтиже көрсетіп, көпшіліктің жақсы бағасын алған. Енді жақын уақыттары Шерімбетовтің дубльдік командадағы көмекшісі тағайындалады.
Дегенмен, Қайыржан Әбуов те қызметсіз қалған жоқ – «Қайсар» футбол орталығында 1998 жылғы жасөспірімдерді жаттықтыратын болады. Ал Әбуовтің көмекшісі болып келген Марат Сәрсенов футбол орталығында 2007 жылғы жеткіншектердің жаттықтырушысы болып қызметке орналасты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: