Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Ларс Лагербек: «Біз жеңіс үшін келдік»

Исландия құрамасының бас бапкері Ларс Лагербек бүгін 2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу матчы алдында баспасөз мәслихатын өткізді.  Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы баспасөз қызметі хабарлады.
«Біз ойынға бой үйрету үшін Қазақстанға ертерек келдік. Алда қызықты емтихан күтіп тұр. Орналасу жағынан барлығына көңіліміз толады. Біз жақсы жұмыс істедік. Жарақат алған ойыншылар жоқ, барлығы ойынға дайын. Ертең ойын оңайға түспейтіні анық, біз сіздің құрама қатысқан матчтарды қарап шықтық. Латвиямен өткен ойында айтарлықтай басымдыққа ие бола отырып  үш ұпай ала алмағаны таңғалдырды. Бірақ, біз жеңіс үшін келдік», - деді Лагербек.  
Сонымен қатар, Исландия құрамасының бас бапкері Қазақстанның допты бақылауда ұстайтынын және қақпаға соққы бағыттауға ұмтылатынын атапп өтті. Оның сөзінше, қазақстандық футболшыларға өз алаңы көмектесуі де мүмкін.
«Біздің ардагер футболшы Эйдур Гудьонсон командамен бірге жаттығуда. Ол бұрынғы бабын сақтап қалған. Техникасы да бәз қалпында. Оның тәжірибесі өзге ойыншыларға көмектеседі. Командаға әлі де көп көмегін тигізеді деп ойлаймын. Командадағы теңдікті сақтайды. Алаңға шығуға дайын», - деді бапкер.
Еске сала кетейік, Қазақстан мен Исландия арасындағы 2016 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу матчы 28 наурыз күні «Астана Арена» спорт кешенінде өтеді. Матч 21:00-де басталады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: