Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Қайсар" жастары Шымкентке кетті

"Қайсар" жастары Шымкентке кетті«Қайсар» футбол клубының қосалқы құрамы маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан «Ұлан» спорт базасында дайындалуда. 
Аға бапкер Қанат Шерімбетовтің бастауымен Шымкентте 22 жергілікті жас футболшы екі-апталық оқу-жаттығу жиынын өткізетін болады. Жиын барысында төрт жолдастық-бақылау кездесуін өткізу жоспарланған. Олардың арасында «Ордабасының» қосалқы құрамы мен Қазақстан Республикасы Бірінші лигасының клубтары да бар. Қызылордаға Қанат Шерімбетов бастаған оғландар ақпанның 11-і күні оралады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: