Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордада футбол орталықтары мен академияларының 3-туры басталды

Қызылордада футбол орталықтары мен академияларының 3-туры басталдыҚызылорданың «Локомотив» стадионында Премьер-лига мен Бірінші лига клубтарының футбол орталықтарында тәлім алатын 1998 және 2000 жылы туылған жеткіншектері арасында ел біріншілігінің 3-тур ойындары басталды.
Сыр еліне «Ақтөбе», «Ақжайық» және «Спартак» командалары келді. Кеше 3-тур аясында бірінші күннің ойындары өтті. Әлихан Қалиев жаттықтыратын 2000 жылғы жеткіншектер «Ақжайық» командасын 3:0 есебімен ойсырата жеңсе, Қайыржан Әбуов бастаған 1998 жылғы жасөспірімдер тартысты өткен ойында Оралдан келген құрдастарынан 2:1 есебімен басым түсті.
2000 ж.т.
Ақтөбе – Спартак 2:3
Қайсар – Ақжайық 3:0
Голдар: Қасымхан Алпысбаев-2, Молдағали Мұратұлы.
1998 ж.т.
Ақтөбе – Спартак 12:1
Қайсар – Ақжайық 2:1
Голдар: Ерхан Тиес, Өркен Махан.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: