Ақмола облысы, Жақсы ауданында грек-рим күресінен өткен Қазақстан чемпионатында қызылордалық спортшылар жүлделі оралды.
Аталмыш сында грек-рим күресінен жасөспірімдер құрама командасының аға жаттықтырушысы Қанат Көбегенов және бапкерлер Талғат Қожекенов, Фанис Давлетов пен Самат Оспанның шәкірттері 3 жүлдені олжалады. Атап айтсақ, Ж.Баһадүр атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернат тәрбиеленушілері Берекет Ақбалаев 66 келі салмақта ел чемпионы атанса, осы салмақта Нұрбол Қабылов екінші орынды иеленді. Қазалылық Наурыз Әбибулла 35 келі салмақта күміс жүлдеге қол жеткізді.