Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Жерлесіміз гір спортынан әлем чемпионатына қатысады

Жерлесіміз гір спортынан әлем чемпионатына қатысадыАлматы қаласында  қол күрестен және гір спортынан жасөспірімдер, жастар, ардагерлер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. 
Республикамыздың барлық өңірінен 500-ге жуық спортшы қатысқан байрақты бәсекеде жерлестеріміз намысты  қолдан бермей жүлделі оралды. 
Жасөспірімдер арасында қол күрестен 70 келіге дейінгі салмақта жаңақорғандық Мақсұт Шерхан  күміс жүлдені  еншіледі. Жастар арасында гір көтеруден сынға түскен сырдариялық Нұрсұлтан Көлдеев 68 келі салмақта жеңімпаз атанып, қыркүйек айында Ирландияның Дублин қаласында болатын Әлем чемпионатына жолдама алды. Енді Нұрсұлтан 17-22 маусымда Петропавл қаласында өтетін ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатына қатысады. Ардагерлер арасында қол күрестен сырдариялық қос спортшы +70 келіде Ақайша Шаймағамбетова жеңіс тұғырына көтерілсе, 80 келіде Төлеген Жақып күміс жүлдені иеленді. Ал  гір спортынан қазалылық Қали Рүстемов 80 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдеге қол жеткізді. 
Сондай-ақ, осы жарыста қол күрестен мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында жаңақорғандықтар жақсы өнер көрсетті. Атап айтсақ, 90 келіге дейін Ратбек Фазылов күміс жүлдені, 60 келіге дейін Қуаныш Абибуллаев қола жүлдеге ие болды. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: