Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Илья Калинин "Қайратқа" қайта оралмақ

Илья Калинин "Қайратқа" қайта оралмақҚазіргі таңда футболдан қазақстандық клубтар алдағы жылдың доп додасына дайындығын бастап кетті. Бірқатары шетелге оқу-жаттығу жиындарына аттанып жатыр.
Үстіміздегі жылы қола жүлдені қанағат тұтқан Алматының "Қайраты" 2015 жылдың 7-19 қаңтар аралығында Түркияда дайындық жүргізеді. Оған шақыру алған футболшылар қатарында биыл Қызылорданың "Қайсар" командасының намысын қорғаған Илья Калинин де бар. Ал биылғы екінші айналымда алматылық клубтан біздің команда қатарын толықтырған шабуылшы Владислав Нехтий "Қайсардың" оқу-жаттығу жиынына қатысады деген ақпарат республикалық ақпарат беттерінде жарияланды. Әзірге басқа ақпарат қолға тимей тұр.  

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: