Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордада велоспорттан Қазақстан чемпионаты өтті

Қызылорда қаласында үстіміздегі жылдың 16-20 сәуір аралығында велоспорттан жастар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аймағымызда бірінші мәрте ұйымдастырылған велошабандоздар жарысына Астана қаласы, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарының командалары қатысты.

Қызылордада велоспорттан Қазақстан чемпионаты өтті

 

16 сәуір күні 100 шақырымдық топтық жарыста Солтүстік Қазақстан облысының спортшысы Арман Турлин жеңіс тұғырына көтеріліп, оған жеңімпаз жейдесі табысталды. Екінші орынды Алматы облысының спортшысы Ерик Сафаров алса, үшінші орынды қызылордалық Әли Ерсұлтан иеленді.
17 сәуірде 10 шақырымдық жекелей жарыста астаналық Вадим Пронский жеңімпаз атанды. Екінші және үшінші орындарға қызылордалық Карим Бузин мен павлодарлық Илья Горбушин орналасты.
18 сәуір күні 134 шақырымдық топтық жарыста жамбылдық Дінмұхаммед Ұлысбаевтың мерейі үстем болды. Күміс жүлдеге Ерик Сафаров (Алматы облысы), қола жүлдеге Стрельник Станислав (Астана қаласы) ие болды.
19 сәуірде 70 шақырымдық топтық жарыста астаналық Вадим Пронский топ жарды. Павлодарлық Никита Соколов екінші орынды алса, үшінші орынды солтүстікқазақстандық Арман Турлин еншіледі.
20 сәуір күні 20 шақырымдық жекелей жарыста Вадим Пронский (Астана қаласы) бірінші болып жетті. Қалған орындарды Илья Горбушин (Павлодар облысы) мен Дінмұхаммед Ұлысбаев (Жамбыл облысы) бөлісті.
5 кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер спортшылар анықталды. Нәтижесінде павлодарлық Илья Горбушин алтын медальді иеленіп, оған жеңімпаз жейдесі табысталды. Күміс жүлдегер жамбылдық Дінмұхаммед Ұлысбаев атанса, Алматы облысының спортшысы Ерик Сафаров қола жүлдеге қол жеткізді.
Сондай-ақ, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Астана қаласының спортшылары еншілесе, екінші орынды – Павлодар облысы, үшінші орынға – Қызылорда облысының спортшылары ие болды.
Енді спортшылар мамыр айында Еуропада болатын халықаралық турнирге қатысады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: