Арал аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен №262 мектеп-гимназиясында КСРО спорт шеберлігіне үміткер Тілектес Серғазиев пен шахматтан КСРО спорт шеберлігіне үміткер Әбдіқалық Өтегеновті еске алу мақсатында аудан тұрғындары арасында дойбыдан турнир өтті.
Жарысқа 60 жуық ойыншы қатысып нәтижесінде ерлар арасында дойбыдан І-орынды Дүйсенбаев Дәулет, ІІ-орынды Ержанов Жасұлан, ІІІ-орынды Кеулімжаев Қанжар иеленіп жеңіс тұғырынан көрінген болса, шахмат сайысы бойынша І-орынды Жалғасов Арыстан, ІІ-орынды Жұмахметов Қасымхан, ІІІ-орынды Райғаниев Ақжан жеңіп алып үздік деп танылды. Ал, қыздар арасында дойбындан І-орынға Ізбасарова Дильназ,ІІ-орынға Нысаналы Диляра,ІІІ-орынға Жанназарова Нұргүл ие болды. Шахматтан І-орын Оспанова Рахима,ІІ-орын Төлемісқызы Нұрила,ІІІ-орын Бисенбиева Раушанның еншісіне бұйырды. Жеңіс тұғырынан көрінген жеңімпаздар аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің алғыс хаттарымен және медальдармен марапатталды.