Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Федерация жанкүйерлерді Футбол күнімен құттықтады

Федерация жанкүйерлерді Футбол күнімен құттықтадыҚазақстан футбол федерациясы барша жанкүйерлерді бүгінгі футбол күнімен құттықтады. Осыған орай өздерінің құттықтау лебізін білдірді.
Онда "Қымбатты достар! Сіздерді қазақ футболының күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Миллиондардың ойыны біздің елімізде нөмірі бірінші спорт саналады.  Футбол – xалықты, елді, әлемді біріктіреді!
2002 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан Еуропа футбол қауымдастықтарының одағының құрамына қабылданды. Бұл біздің ойыншыларға еуропалық аренада доп теуіп, әлемнің үздік командаларымен сынға түсуге, тәжірибе жинақтауға және отандық футболды дамытуға мүмкіндік берді!
Қазақстан футбол федерациясының ұжымы баршаңызды бүгінгі мерекемен құттықтайды! Денсаулық, табыс және жаңа жеңістер тілейміз!" делінген. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: