Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Нұрсұлтан Көлдеев – ӘЧ-ның қола жүлдегері

Нұрсұлтан Көлдеев – ӘЧ-ның қола жүлдегеріСырдария ауданының тумасы Нұрсұлтан Көлдеев Германияның Гамбург қаласында гір көтеруден ересектер арасында өткен Әлем чемпионатында қола жүлдені иеленді.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол 63 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, 32 келі гір тасын қос қолмен жұлқа және серпе жаттығу нәтижесінде 143 ұпай жинады.
«Нұрсұлтан әлем чемпионатының қорытындысы бойынша гір көтеру спортынан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады. Оның спорттағы толағай табыстарына жаттықтырушысы Жасұлан Өмірбаевтың да үлесі зор», - делінген хабарламада.
Жарыс қорытындысында  жалпыкомандалық есепте бірінші орынды – Ресей, екінші орынды – Қазақстан, үшінші орынды – Украина мемлекеті иеленді.
Енді Нұрсұлтан үстіміздегі жылдың  желтоқсан айында  Павлодарда болатын Қазақстан кубогында  бақ сынамақ.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: