Украиналық маман Вячеслав Грозный Қызылорданың «Қайсар» командасы тізгінін ұстауы мүмкін. Бұл жөнінде қазақстандық бірқатар спорт сайттары мәлім етті.
Ол қазақстандық футболмен жақсы таныс. Бұған дейін «Тобыл», «Ертіс» және «Шахтер» командаларында бас бапкер болды. Сондай-ақ, «Астана» мен «Ордабасы» командалары да бас бапкерлікке үміткер ретінде қарастырған болатын.
Вячеслав Грозный Ресейдің «Спартак» (Мәскеу) клубының бапкерлер құрамында болды. Сол елдің «Ахмат» командасының тізгінін ұстады. Көптеген кураиналық клубтармен бірге Грузияның «Динамо» (Тбилиси) және Болгарияның «Левскиін» жаттықтырды.